Израиль Ливанға шабуылдарын жалғастырып жатыр

Израиль Ливан аумағына әуе соққыларын жалғастырып жатыр. Кейінгі мәліметке сәйкес шабуылдар салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мамандардың айтуынша, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Израиль әскері қысқа уақыт ішінде ел аумағында жаппай әуе соққыларын жасаған. Әскерилердің мәлімдеуінше, 10 минут ішінде «Хезболла» қозғалысына тиесілі 100-ден астам нысанға соққы берілген. Қирандылардың астында адамдар болуы мүмкін. Қазір оқиға орындарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.