Иран Ливанды келісімге қосуды талап етті

Иран келіссөз қарсаңында АҚШ-қа жаңа шарт қойды. Тегеран бейбіт келісімге Ливанды қосуды талап етіп отыр. 

Израиль көрші елге шабуылды тоқтатпаса, уақытша келісімнен шығатынын ескертті. Тегеран оқ атпау режимі бүкіл Таяу Шығыста орнауы тиіс деп отыр. «Алайда Вашингтон мен Тель-Авив Бейрутке қарсы әскери операция тоқтату жөнінде о баста келісім болған жоқ», - дейді. Оқ атпау режимінің шарттары Ливанда сақталуы керек деген позицияны Франция да жақтайтынын жеткізді. Париж Израильдің Ливанды күйретуі «Хезболланы» жоя алмайды деп санайды.