Нетаньяху: Ливандағы соғыс тоқтамайды
Ливандағы соғыс тоқтамайды. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді.
Ол "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуылдардың жалғаса беретінін және Израильдің солтүстігіндегі тұрғындардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейінше тоқтамайтынын" жеткізген. Осының алдында Нетаньяху ел үкіметіне Ливанмен тікелей келіссөз бастауды тапсырған. Айтуынша, мұны Ливан үкіметінің өзі сұраған. "Рейтердің" хабарлауынша, келіссөздер алдағы аптада АҚШ астанасы Вашингтонда өтуі мүмкін. Нетаньяху ондағы мақсат – "Хезболланы" толық қарусыздандыру және тарихи бейбіт бітімге келу дейді.