Қазақстан-Беларусь: ғылыми ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Елордада Қазақстан–Беларусь білім беру және ғылыми инновациялар орталығы ашылды. Мақсат екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты арттыру әрі мәдени қарым-қатынасты нығайту.

Салтанатты рәсім бүгін «Сейфуллин оқулары – 22» конференциясы аясында Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде өтті. Қытай, АҚШ және Беларусь жоғары оқу орындарының өкілдері қатысқан шара аясында қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша келісімдерге қол қойылды. Айта кеткен жөн, аталмыш университет белорусь жоғары оқу орындарымен 10 жылдан астам уақыт бойы әріптестік байланыс орнатқан. Жыл сайын шамамен 20 шақты студент Беларусь еліне оқуға аттанса, 50-ге жуық белорусь азаматы Қазақстанға білім алуға келеді. 

Сәрсенбай Абдрахманов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің проректоры:

- Негізгі мақсат – жастарды болашақта ғылымға тарту және конференция аясында біраз делегациялармен келісімшарт жасау. Әсіресе білім беру бағдарлама бойынша екі дипломдық, бірлескен оқу бағдарламалары және студенттердің мобильдік алмасу, оқу. Сонымен қатар біз Қазақстан беллорусия орталығын ашып жатырмыз. негізгі мақсат аталған мемлекеттің материалдық базаны қолдану және студенттің сапасын даярлауын арттыру.