Blue Origin Айда оттегі өндіреді
Америкалық Blue Origin компаниясы Айдың қыртысынан оттегі өндіруді қолға алды. Осы мақсатта арнайы реактор жасалған.
Жаңа құрылғы Айдың қыртысынан электр тоғы арқылы тыныстайтын оттегі өндіруді көздейді. The Telegraph басылымының хабарлауынша, ғарышқа жер бетінен оттегі тасымалдау өте қауіпті және қыруар ақшаны қажет етеді. Сондықтан ғалымдар Айды тіршілік етуге қолайлы орынға айналдыру үшін оттегіні сол жақта өндіру ең басты қадам болмақ дейді.