Финляндия ядролық қарудан бас тартпақ  

Финляндия бейбіт уақытта өз аумағында ядролық қару орналастырылмайтыны туралы декларация қабылдауды жоспарлап отыр. 

Бұл туралы Премьер-министр Петтери Орпо мәлімдеді. Үкімет декларацияны парламент талқылауына ұсынып, кейін оны елдің сыртқы және қорғаныс саясаты жөніндегі баяндамаға енгізуді көздеп отыр. Бұған дейін Финляндияның NАТО-мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы аясында ядролық қаруды импорттауға, тасымалдауға және орналастыруға мүмкіндік беретін заң жобасы ұсынылған болатын. Алайда құжат қызу талқыға түсіп, қоғамның сынына ұшыраған еді.