Пәкістанда АҚШ пен Иран келіссөздері басталды
Пәкістан астанасы Исламабадта АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз басталды.
Deutsche Welle мәліметінше, тараптар әзірге тікелей емес, Пәкістан арқылы жанама түрде келіссөз жүргізіп жатыр. Сәтті өткен жағдайда тараптар үшжақты форматқа көшуі мүмкін. Ал бұған дейін АҚШ пен Иран делегациялары Пәкістан премьерімен жеке кездескен.