АҚШ пен Иран келіссөзі нәтиже бермеді

Пәкістан астанасы Исламабадта бас қосқан АҚШ пен Иран делегаттары келісімге келе алмады.

«Рейтердің» хабарлауынша, келіссөз 24 сағатқа созылған. Алайда тараптар тіл табыса алмады. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Вэнс мәлімдеді. Ол: «Біз келісе алмайтын және қабылдай алатын тұстарымызды тайға таңба басқандай қылып жеткіздік, бірақ олар біздің шарттарымызды қабылдамайтын сияқты», - деді. АҚШ-тың басты талабы Иранның ядролық қару идеясынан біржола бас тартуы. Айта кетейік, Исламабадқа парсы елінің делегациясын парламент спикері Мохаммад-Багер Галибаф бастап барған еді.