Ливанда екі мыңнан аса адам қаза тапты

Ливанда Израильдің кейінгі шабуылынан 2020 адам қаза тапты. Тағы 6 жарым мың адам жараланған.

Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ал Израиль қорғаныс күштері «Хезболла» жасағымен атысып, кейнгі 24 сағат ішінде 200-ден астам нысанға шабуыл жасады. Түрлі қару-жарақты тәркілегенін жеткізді. «Хезболла» өз кезегінде елдің оңтүстігінде Израильдің танктері мен әскеріне соққы берген. АҚШ пен Иран атысты уақытша тоқтатуға келіскен кезде Ливан қамтылмады. Бұған Тегеран ренжулі. Алайда Дональд Трамп әуел бастан ондай уағдаластықтың болмағанын айтады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иран мен АҚШ келісімін қолдайтынын, алайда Ливандағы «Хезболла» ұйымын толық жоймайынша тоқтамайтынын жеткізді.