Иран АҚШ-қа жауап қатты

Иран «Ормуз бұғазына жақындаған кез келген әскери кемеге жойқын соққы береміз», - деп отыр.

Осыған дейін Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Пәкістанда бас қосқан делегаттар келісімге келуі мүмкін еді. «Бірақ соңғы сәтте АҚШ талаптарын өзгертті», - деп мәлімдеді. 

Ал парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф: «Қазіргі бензин бағасы бергі жағы. Ертең жанармай тіпті қымбаттайды. Сол кезде америкалықтар 4-5 доллар болатын бағаны сағынышпен еске алады», - деді.