Куба АҚШ-пен келіссөзге дайын екенін білдірді
«Куба АҚШ-пен келісу қиын болса да, келіссөз жүргізуге дайын». Ел президенті Мигель Диас-Канель Бермудес америкалық NBC News телеарнасына берген сұхбатында осылай деді.
Оның айтуына қарағанда, Құрама Штаттар әскері аралға басып кіруге талпынса, Гавана қарап қалмайды, қарсы тұрады. Сондай-ақ Куба экономикасының әлсіреуіне Вашингтонды кінәлады. 67 жыл бұрын АҚШ-тың Гаванаға енгізген санкцияларын «геноцидке» теңеді. Дегенмен Мигель Диас-Канель америкалық компанияларды Кубаның мұнай саласына инвестиция салуға шақырды. Осыған дейін Президент Трамп Ираннан кейін Куба Құрама Штаттардың келесі нысанына айналады деп ескерткен еді.