ОПЕК елдерінің мұнай өндірісі күрт қысқарды

Бұған Таяу Шығыстағы кикілжің тікелей әсер етіп отыр. «Блумбергтің» мәліметі бойынша, наурызда өндіріс күніне 8 миллион баррельге дейін азайды. 

Бұл – кейінгі 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Ормуз бұғазының жабылуы Парсы шығанағынан өтетін мұнай экспортын тұсаулап тастады. Шикізат тапшылығы биржалардағы мұнай бағасын шарықтатты. Брент маркалы қара алтынның баррелі 100 доллардан асты.