Өзбекстанда қазақ киіз үйіне қызығушылық артты
Әсіресе туризм саласында кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп жүрген бауырлас елдің жастары ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетіне ынтық. Шетелдіктерге арнап киіз үй тігіп, қолөнер бұйымдарын сатып, істерін дөңгелетіп отыр.
Шыршық қаласының тұрғыны Жақсылық Жорықбаевтың киіз үй жасайтын арнайы цехы бар. Айтуынша, соңғы жылдары отауға деген сұраныс артқан. Жалға алып, той томалақ өткізетіндердің де қарасы қалыңдапты. Бүгін ол Ташкенттегі университеттердің біріне келіп, киіз үй құрап жатыр.
Жақсылық Жорықбаев, киіз үй жасаушы шебер:
- Жақында үкіметтен кредит алып, цехты үлкейту ниетіміз бар. Өйткені сұраныс өте күшті. Біреулер тойхана ашады. Соның қасына қойып жатыр. Қазақ киіз үй бұл біздің қазақилығымыды білдіреді. Әдет ғұрыпқа деген көзқарасымызды білдіреді.
Ал бұл Ташкент маңында орналасқан Хасанбай ауылының бағы. Киіз үйлер алыстан менмұндалап тұр. Экотуризмді дамыту бағытын қолға алған жас кәсіпкерлер боз үйлерді арнайы тіккен. «Түбі бір түркі мәдениеті, оның ішінде қазақтың киіз үйлері алыс жақын елдерден ағылатын саяхатшыларды қызықтырары анық», - дейді олар.
Шухрат Рахимжонов, кәсіпкер:
- Қазақтың киіз үйлері туристер үшін таптырмайтын орын. Сүйегі ағаштан жасалғандықтан жазда салқын, экологиялық тұрғыдан таза әрі пайдалы. Ыстықта осы отауларға кіріп дем алған шетелдіктер қазақ пен өзбек халықтарының ұлттық тағамдарынан дәм татады. Оларды түркі мәдениетімен, салт дәстүрімен таныстыру ниетіміз бар.
Өзбекстанда киіз үй бағасы 13 млн сумнан басталып, 70 млн сумға дейін барады. Біздің валютамен есептегенде 500 мыңмен 2 жарым млн теңгенің арасы. Айтпақшы 2024 жылы Өзбекстанның қазақ азаматы ауданы 40, биіктігі 22 метр болтын киіз үй тігіп, Гиннестің рекордтар кітабына енді.