АҚШ Иранның байытылған уранын иемденгісі келеді

Бұл туралы Президент Трамптың орынбасары Джей Ди Вэнс америкалық «Фокс Ньюс» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасындағы атомдық материалды толығымен әкетуге дайын. 

Сондай-ақ Тегеранның Ормуз бұғазын жапқанын «экономикалық террорға» теңеді. «Мұнысын тоқтатпаса, Иранның бірде-бір кемесі теңізге шықпайды», -  деп ескертті.

Сондай-ақ Пәкістанда өткен келіссөзге оң бағасын берді. Вашингтон Иранға қояр талаптарын жеткізді. «Ендігі шешімді Ислам Республикасының билігі қабылдауға тиіс», - деді АҚШ-тың Вице-Президенті.