WSJ: АҚШ көлік зауыттарында қару шығармақ

АҚШ Президенті Дональд Трамп көлік зауыттарында әскери техника шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды.

Украинаға қару-жарақ экспорты мен Ирандағы соғыстан кейін Құрама Штаттардың әскери арсеналы таусыла бастаған. Сондықтан Пентагон нарықтағы ірі компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың қатарында General Motors пен Ford-тың басшылары да бар. Мақала авторы мұндай шара Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылғанына да тоқталған.