АҚШ-та ірі компаниялар хакерлік шабуылға ұшырады

АҚШ-та Visa, Master-Card және JPMorgan Chase компанияларының жүйелеріне хакерлік шабуыл жасалып, тұтынушылардың жеке деректері интернетке тарап кетті. JPMorgan Chase өкілдерінің айтуынша, хакерлер банкпен серіктес компанияның жүйесін бұзып кірген, деп хабарлайды 24KZ.

Алаяқтар кей клиенттердің аты-жөні мен электрондық пошта мекенжайларын пайдаланған. Visa мен Master-Card азаматтардың жеке деректері таралғанын растады. Қазір зардап шеккен клиенттерге көмек көрсетіліп, тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: