Гаитиде 6 млн адам аштық алдында тұр
Гаитиде азық-түлік тапшылығы күрт күшейіп отыр. Елде шамамен 6 млн адам ашқұрсақ жүр.
Сарапшылардың мәліметінше, дағдарыстың ушығуына халықтың жаппай қоныс аударуы және экономикалық қиындықтар себеп. Қазіргі таңда 1млн 400-ден астам адам өз үйлерін тастап кеткен. Нарықтағы тұрақсыздық ауыл шаруашылығы мен азық-түлік жеткізіліміне де кері әсер етіп отыр. Гуманитарлық ұйымдар қосымша көмек көрсетілмесе, жағдай бұдан да ушыға түсетінін ескертіп дабыл қағуда.