Иран келіссөзден бас тартты

Иран АҚШ-пен келіссөздерді жалғастырудан бас тартып отыр. Tasnim агенттігінің дерегіне сүйенсек, Тегеран АҚШ-тың елге қарсы қойған әскери-теңіз блокадасына наразы.

Сондай-ақ Ислам Республикасы Америка Құрама Штаттары тарапынан қойылған шектен тыс талаптарға да қарсы. Иран билігі өз ұстанымын келіссөздерге арағайындық танытып отырған Пәкістан тарапы арқылы жеткізіп, диалогқа тек шарттар өзгерген жағдайда ғана дайын екенін мәлімдеді Егер одан бас тартса, келіссөз жүргізудің мәні жоқ екенін жеткізді. Бұған қарамастан, Исламабад келіссөздердің кезекті раундын алдағы дүйсенбіде өткізуді жоспарлап отыр.