АҚШ баж салығын алып тастайды

АҚШ импорттаушы елдерге енгізген баж салығын алып тастамақ. Ондағы мақсат 166 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты елге қайтару.  

Бұл қаражатты жергілікті компаниялар былтыр тауар импорты үшін баж салығы ретінде төлеген болатын. Алайда ақпан айында Жоғарғы сот бұл алымдарды заңсыз деп танып, президенттің жарлық шығару кезінде өкілеттігін асыра пайдаланғанын растады. Баж салығын 330 мыңнан астам компания төлеген. Олар шамамен 53 млн жеткізілімді декларациялаған.