КХДР Жапон теңізіне зымыран ұшырды

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды.

Ол «Корей түбегінің шығыс бөлігіне құлаған әрі Жапонияның экономикалық аймағына өткен жоқ» деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Алдын ала мәлімет бойынша, зымырандар шамамен 140 шақырымды бағындырған. Жыл басынан бері Солтүстік Корея осымен жетінші рет баллистикалық зымыран ұшырып отыр. Осылайша мемлекет әскери әлеуетін арттыруға ниетті. Ал Токио Пхеньянның әрекетін сынға алып, наразылық білдірді. «Бұл Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясын бұзады» деп айыптады.