Қытайда робот адамзат рекордын жаңартты

Бейжіңде өткен жартылай марафонда робот адамдарды басып озып, рекорд жаңартты.

Спорттық сайыста Honor компаниясы әзірлеген құлтемір топ жарды. Ол 21,1 шақырымды 50 минут 26 секундта жүгіріп өтті. Бұл 2025 жылы угандалық жеңіл атлетші Джейкоб Киплимо орнатқан әлем рекордынан алты минутқа жылдам. Былтыр Бейжіңдегі марафонға 20 робот қатысса, биыл олардың саны жүзден асып жығылды. Құлтемірлер мен адамдар соқтығысып қалмас үшін екі түрлі жол таңдалған.