Экологиялық саммитте су мәселесі талқыланады
Орталық Азияда су тапшылығы өткір сезілуде. Аймақтағы 10 млн адам ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Мұндай деректерді Еуразиялық даму банкі келтірді.
Су ресурстарына қолжетімділік – осы аптада Астанада өтетін саммитте талқыланатын ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болмақ. Орталық Азия климаттық қорының, климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерлік Қаражанның айтуынша, кейбір сарапшылар қазірдің өзінде климаттық көші-қон мәселесін көтеріп жатыр. Себебі жаһандық жылынудың салдарынан Орталық Азия өңірі климаттық өзгерістердің әсерін ерекше сезінуде. Температураның көтерілуі құрғақшылықтың күшеюіне, аптап ыстықтың жиілеуіне және төтенше жағдайлардың артуына әкеледі, - дейді сарапшы.
Ерлік Қаражан, Орталық Азия климаттық қорының климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша жобалық кеңсесінің жетекшісі:
- Біз тіпті ғасырлар бойы өсім сүрген оазистерді жоғалтып алуымыз мүмкін. Өкінішке қарай бұл әлемдік климатта болып жатқан үдерістердің салдары. Сондықтан бұл саммиттің маңызы өте зор. Елдермен бірлесіп, халықаралық қауымдастықпен бірге осы мәселелерді қалай шешуге болатынын, қандай шаралар қабылдау керектігін талқылай аламыз деген үміттеміз. Ең бастысы – қарапайым азаматтар үшін теріс салдарды барынша азайту және мүмкіндігінше мәселенің алдын алу жолдарын табу.