Моңғолия шикізатын жаппай әлем нарығына шығара бастады

Моңғолия кейінгі 20 жылда шикізатын жаппай әлем нарығына шығара бастады.

Елдің Ұлттық статистика басқармасының хабарлауынша, былтырғы барлық экспорттың 99 пайызы тау-кен өндірісінің еншісінде. Нәтижесінде өткен жылы Моңғолия экономикасы 6,4 пайызға өсті.  Осылайша шикізатты өндіру және экспорттау Моңғолияның «Вижн-2050» бағдарламасының өзегіне айналды.

Моңғолияда пайдалы қазба байлықтың 80-нен астам түрі бар. АҚШ-тың Геологиялық қызметінің зерттеуі бойынша, расталған кен қоры мынадай: ((ГРАФИКА)) темірдің 400 миллионнан астам, мыстың 55,2 миллион, сирек металдың 30 миллионнан астам, уранның 190 мың, молибденнің 54 мың және алтынның 2 жарым мың тоннасы кездеседі.

Моңғолияда қанша қазба байлық бар?

Темір – 400 млн т астам

Мыс – 55,2 млн т

Сирек метал – 30 млн т астам

Уран – 190 мың т

Молибден – 54 мың т

Алтын – 2,5 мың т

YOUTUBE.COM/CAT MINING

Моңғолияда көмір көп. Қоры бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіреді. Ел аумағында 12 бассейн бар. Оларда 32,6 млрд тонна көмір бары расталған. Бұдан бөлек Моңғолияның Көмір өнеркәсібі қауымдастығының мәліметі бойынша, әлі барлау жұмысы жүргізілмеген 173 млрд тоннадай көмір бар. Былтыр шамамен 84 млн тоннасы экспорталған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 200 мың тоннаға көбірек. 

Моңғолия жер аумағы бойынша әлемде 17-орында. Бірақ халық саны 3 жарым миллионға әрең жетеді. Дегенмен, салтқа берік. 600 мыңы әлі күнге көшпелі өмір салтын ұстанады. Тіпті 1 жарым миллион адам тұратын ел астанасы Ұланбатырда киіз үйде тұратындар жетіп артылады. 

Ернат Рахметолла