Парсы шығанағында кемелер эвакуацияланады
Парсы шығанағында қайырлап тұрған кемелер эвакуацияланады. Бұл туралы Халықаралық теңіз ұйымы мәлімдеді.
АҚШ пен Иран арасы суығалы осы айдында 800-дей кеме мен 20 мыңға жуық теңізші қаңтарылып тұр. Халықаралық теңіз еңбегі туралы конвенция бойынша, теңізші бортта үзіліссіз 11 ай бола алады. Блумберг басылымы алдымен ұзақ уақыт бөгеліп қалған экипаж мүшелері эвакуацияланатынын жазған. Жоспарға сәйкес құтқару операциясы қауіпсіз халықаралық бағыттар арқылы ұйымдастырылады. Қазір бұл мәселе бойынша Иран, Оман және жағалаудағы басқа да мемлекеттер арасында келіссөз жүріп жатыр.