Түркия темекіге қатысты талапты қатаңдатады
Түркия билігі шылым шегуді заңмен шектемек. Қазір бұл бағытта 41 баптан тұратын құжат әзірленіп жатыр.
Құжатқа сәйкес темекі шегуге арнайы белгіленген орындарда ғана рұқсат беріледі. Ал қоғамдық орындарда темекі тартуға толық тыйым салу қарастырылған. Сонымен қатар темекі өнімдерін сату мен тұтынуға қатысты талап едәуір қатаңдатылады. Ұзақмерзімді жоспарға сай, 2040 жылдан бастап елде темекі өнімдерін сатуға толық тыйым салу көзделіп отыр. Билік бұл бастама арқылы шылым шегушілер санын азайтып, әсіресе жастар арасында оның таралуына тосқауыл қоюды мақсат етеді. Қазір Түркияда 86 млн халықтың шамамен 19 млн-ы шылым шегеді.