Иран Ормуз бұғазында екі кемені басып алды

Иран әскері Ормуз бұғазында екі шетелдік кемені басып алды. Оқиғалар туралы бейнежазбаны мемлекеттік телеарна көрсетіп, оны «Рейтер» агенттігі таратты. 

Контейнерлер тиеген бірінші кеме Панама туын желбіретіп жүрді. Алайда оқиғаны Черногорияның Теңіз істері министрі растады. Өйткені кемеде осы елдің 4 теңізшісі болған. Екіншісі Либерияға тиесілі. Тегеран олар Ормуз бұғазына рұқсатсыз кіргенін және навигация жүйесін бұзғанын мәлімдеді. Кемелердің басып алынғанын жартылай ресми «Тасним» ақпарат агенттігі де хабарлаған. Айта кетейік, бейбіт заманда Ормуз бұғазы арқылы күніне 130 кеме өткен болатын. Бұл жерден әлем елдеріне күнделікті қажет мұнай-газдың 20 пайызы тасымалданға. Қазір бұғазды Иран қатаң бақылауда ұстап отыр. АҚШ одан тысқары жердегі Иран кемелерін тоқтатып, тосқауыл қойып әлек. Тегеран осы кедергілерді желеу етіп, Пәкістанда өтуге тиіс келіссөздердің екінші кезеңіне бармай отыр.