Иран Ормуздағы транзит үшін төлемақы алды
Иран алғаш рет Ормуз бұғазынан кеме өткізгені үшін төлемақы алды. Бұл туралы Парламент төрағасының орынбасары ХамидрезА Хаджи Бабаи мәлімдеді.
Ол ақшаның орталық банкке түскенін жеткізді. Ал қаражаттың сомасы мен төлем механизмі жайында ашып айтпады. Блумберг агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, нақты белгіленген тарифтер жоқ. Бір рейс үшін 2 миллион долларға жетуі мүмкін. Бұл істі толығымен Ислам революциясының сақшылар корпусы басқарады. Осының нәтижесінде Тегеран бюджетін толтырып қана қоймай, стратегиялық маңызды бағытқа саяси бақылауын күшейтпек.