Әлемде мұнай тағы қымбаттады
Брент маркасының фьючерстері барреліне 106 долларға жетті. Ал WTI баррелі 96 доллардан саудаланып жатыр. Бұл туралы «Рейтер» хабарлады.
Екі эталонның да құны бір аптада 15 пайызға көтерілді. Сарапшылар: «Бұл – Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғалы ең жоғары көрсеткіштің бірі», - дейді. Қымбаттауға Ормуз бұғазында әскери белсенділік қайта жандана бастады деген ақпарат себеп. Иран телеарнасы контейнер таситын екі кеменің шабуылға ұшырағанын хабарлаған еді. Сонымен қатар АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт бітімнің де ауылы алыс болып тұр.