АҚШ базалары миллиардтаған шығынға батты

Парсы шығанағында орналасқан АҚШ-тың әскери базалары миллиардтаған шығынға ұшырады. Иран соққылары келтірген залал көлемі ресми деректерден де асып түседі. 

Бұл туралы NBC News телеарнасы хабарлады. Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, ондаған нысан, соның ішінде әуе инфрақұрылымы, қоймалар, ұшып-қону жолақтары және байланыс жүйелері қарауылға ілінді. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Құрама Штаттарға тиесілі базалар 1,5 миллиард долларға жуық шығынға батқанын жеткізген еді.