Колумбияда теракт болды
Колумбияда теракт болып, 14 адам қаза тапты. Тағы 38-і жарақат алды.
Жарылыс елдің батысындағы Панамерикалық тас жолда болған. Негізгі соққы жолаушылар автобусына тиген. Билік бұл шабуылға бұрын таратылған революциялық қарулы күштер тобының мүшелерін айыптап отыр. Зардап шеккендер арасында ауыр халде жатқандар көп. Жергілікті ауруханалар төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, ФАРК ұйымы мен Колумбия үкіметі 10 жыл бұрын қақтығысты тоқтату туралы келісімге келген. Кейін топ саяси партияға айналғанымен, кейбір содырлар әлі күнге дейін келісім шарттарын мойындамай, билікке қарсы күш көрсетіп келеді.