АҚШ 37 кеменің бағытын кері бұрды
АҚШ Қарулы күштері Ормуз бұғазы арқылы өтетін 37 кеменің бағытын кері бұрды. Бұл туралы Құрама штаттардың Орталық қолбасшылығы мәлімдеді.
Бұл жолы америкалық әскердің бұйрығын ескермегендер аз болған. Ал ұсталған кемелердің көбі – мұнай танкерлері. Айта кетейік, бұл шаралар 13 сәуірде, Вашингтонның Техранға қысым көрсету саясаты аясында қабылданды. Ал Ислам Республикасы билігі АҚШ енгізген әскери-теңіз блокадасын айыптап, бұл әрекетті уақытша бітім туралы келісімді бұзу деп бағалап отыр.