Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді

Тегеран Вашингтонмен келіссөз жүргізбейді.

Бұл туралы Иран парламенті ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ибрахим Азизи мәлімдеді. Таяуда АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен алда жасалатын ядролық келісім 2015 жылы жасалған халықаралық мәміледен де күшті болады деп жазған еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегі бойынша Иранда 60%-ға дейін байытылған 440 келі уран бар. Бұл қару жасап шығаруға жеткілікті қор.