Әлемде мұнай тағы қымбаттады
Brent маркасының баррелі 108 доллардан асса, WTI 97 долларға жуықтады. Кейінгі бір тәулікте мұнай тағы 2 пайызға қымбаттады.
Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздің тығырыққа тірелуі себеп. Бір аптада қара алтын құны 17 пайыз өсті. Goldman Sachs инвестициялық банкі жыл аяғына дейін энергетикалық шикізаттың бағасы қымбаттайды деп болжап отыр. Таяу Шығыстағы Ормуз бұғазы арқылы әлемдегі мұнайдың 20 пайызы өтеді. АҚШ пен Иран стратегиялық су жолын екі жақтан бұғаттап тастады.