Қытай халқы 10 жылда 60 миллионға қысқарады

Қытай халқы 10 жылда 60 млн-ға қысқарады.

Басты себеп туу көрсеткішінің төмендеуі. "Родиум Груп" ((Rhodium Group)) зерттеу тобының дерегі бойынша, былтыр Қытайда 7 млн 920 мың бала дүниеге келді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17 пайызға аз. Жалпы Қытай халқының саны 4 жылдан бері азайып келеді. Елдегі демографиялық ахуал экономикаға кері әсер етіп отыр. Әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет шығыны 425 млрд долларға жетті. Егер халық өсімі одан әрі баяуласа, бұл көрсеткіш еселенуі мүмкін, дейді сарапшылар.