Bloomberg: Ормуздан алғашқы танкер өтті

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс басталғалы Ормуз бұғазынан сұйытылған табиғи газ құйылған алғашқы танкер өтті.

Бұл туралы "Блумберг" ((Bloomberg)) хабарлады. Басылымның жазуынша, кемеге жүк наурыз айының басында тиелген. Бірақ жағдай ушыққан соң бұғазда 1 айдай тұрып қалды. Тіпті экипаж біраз уақыт хабарсыз кетіп, кейін Үндістан жағасынан көрінген. Қазір танкер Қытайға бағыт алды. Ол жаққа мамырдың ортасына қарай жетеді деген болжам бар.