Ресейде қарлы бораннан үш адам көз жұмды

Ресейде бораннан 3 адам ажал құшып, 70 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды.

Бұл туралы елдің Төтенше жағдай министрлігі мәлімдеді. 2 мыңнан астам ағаш опырылып, мың көлік зақымданды. Әсіресе Вологда, Мәскеу мен Новгород облыстарындағы жағдай қиын. Қазір жаппай қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Билік төтенше жағдай режимін енгізу мәселесін қарастырады.