Мәскеуде 9 мамырдағы парад әскери техникасыз өтеді
Ресей Қорғаныс министрлігі 2026 жылғы 9 мамырда Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Парадтың жаяу колоннасына Ресей Қарулы күштерінің барлық әскер түрі мен жекелеген құрамаларындағы жоғары әскери оқу орындарының әскери қызметшілері қатысады
«Алайда биылғы жылы қазіргі жедел жағдайға байланысты Суворов әскери училищелері мен Нахимов училищесінің тәрбиеленушілері, кадет корпустары және әскери техника колоннасы парадқа қатыспайды», - делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар парад трансляциясы барысында арнайы әскери операция аймағында тапсырма орындап жүрген, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілік атқарып жатқан түрлі әскер түрлерінің әскери қызметшілері көрсетіледі. Олардың қатарында Стратегиялық зымыран әскерлері, Әуе-ғарыш күштері және Әскери-теңіз флоты құрамалары бар.
Парадтың әуе бөлімінде ресейлік пилотаж топтарының ұшақтары Қызыл алаң үстінен ұшып өтеді. Ал шара соңында Су-25 ұшақтарының ұшқыштары Мәскеу аспанын Ресей туының түстеріне бояйды.