Трамп Иран порттарын қоршауды күшейтуге ниетті
Дональд Трамп АҚШ әкімшілігіне Иранға қарсы ұзаққа созылатын блокада жоспарын дайындауды тапсырды.
Әңгіме экономикалық қысымды күшейту, соның ішінде Иран порттарынан кемелердің шығуын шектеу жайында болып отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады. Ал бомбалауға қайта кірісу немесе соғысты аяқтау мәселесі, әзірге, қарастырылып жатқан жоқ. "Дегенмен, бұған қатысты АҚШ әкімшілігінің пікірлері қарама-қайшы", - дейді басылым сарапшылары. Кейбір шенеуніктер Тегеранға барынша қысым жасауға шақырса, енді біреулер қақтығыс салдарынан америкалық экономика шатқаяқтап қалады деп қауіптенеді.