АҚШ Иранға қарсы гипердыбысты қару қолдануы мүмкін
Пентагон Иранға қарсы гипердыбысты қару қолдануы мүмкін. Bloomberg агенттігі осылай деп хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша, АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Таяу Шығысқа Дарк Игл ((Dark Eagle)) гипердыбыстық зымырандарын жіберуді сұраған. Ұзақ қашықтыққа арналған жүйе шалғайда орналасқан баллистикалық зымыран ұшыру қондырғыларын талқандау үшін қажет деп түсіндіреді. Өйткені Иран өз қондырғыларын шамамен 500 шақырымға дейін ұшатын америкалық зымырандар жете алмайтын жерге ауыстырған. Егер Пентагон рұқсат берсе, бұл Құрама Штаттар тарихында алғаш рет қолданылуы ықтимал.