АҚШ-Венесуэла әуе қатынасы қайта жанданды
АҚШ пен Венесуэла арасындағы әуе рейсі араға 7 жыл салып қайта ашылды.
Майамиден ұшып шыққан American Airlines әуе компаниясының алғашқы ұшағы Каракасқа қонды деп хабарлайды Reuters агенттігі. Бұдан бөлек, екі елдің мамандары гуманитарлық және экономикалық байланыстарды қайта қалпына келтіруді қарастырып отыр.