Филиппинде Майон жанартауы оянды

Филиппинде Майон жанартауы атқылай бастады. Осыған байланысты билік қауіп-қатердің үшінші деңгейін жариялап, Лусон аралының оңтүстік-шығысындағы елді мекендердің тұрғындарын көшіріп жатыр. 

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Мамандар лава төгіліп, лай көшкіні жүріп, жанартаудың ыстық күлі шашырауы мүмкін деп қауіптенеді. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, 5 мыңнан астам адам уақытша паналау орталықтарына орналастырылды. Кратердің айналасындағы 6 шақырым аумақ жабылған.