Ирак Сирия арқылы мұнай экспорттай бастады

Ирак Сирия аумағы арқылы мұнай экспорттай бастады. Бұл туралы SANA агенттігі хабарлаған.

Шикі мұнай тиелген 70 автоцистернадан тұратын алғашқы партия қазір Сирия шекарасында тұр. Әрі қарай жүк Жерорта теңізі жағасындағы Банияс айлағына жіберіледі. Ирак билігі аталған дәлізді әлем нарығына шығатын жаңа стратегиялық бағыт ретінде қарастырады. Естеріңізге сала кетейік, Бағдат Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін шикізат экспорты үшін жаңа жолдар іздеуге кіріскен еді.