Ресей 8-9 мамырда оқ атпайтынын жариялады 

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинада 8-9 мамырда – Жеңіс күнін атап өту құрметіне оқ атпау режимін жариялады. 

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Кремль басшысы Владимир Путин осындай шешімге келген. Ресей билігі еске алу оқиғалары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасайтынын мәлімдеді. Алайда елдің Қорғаныс министрлігі бейбіт бітім шарттары бұзылған жағдайда Киевтің орталығын аяусыз бомбалайтынын ескерткен. 

В. Зеленский: оқ атпау режимін жариялаймыз 

- Украина президенті Владимир Зеленский бұған жауап ретінде Х әлеуметтік желісіндегі парақшада мамырдың 5-нен 6-на қараған түні тура 12:00-де оқ атпау режимін жариялайтынын хабарлады. Ол: «Украина үшін кез келген мерейтойдан адам өмірі құнды»деп жазған. Алайда Зеленский Ресей бұған дейін оқ атпау режимін жариялауға қатысты ресми түрде хабарласпағанын, оны тек әлеуметтік желілер арқылы айтып келе жатқанын еске салды.