АҚШ Ресей-Украина келіссөзіне делдал болады

Украина мен Ресей өкілдері қарашаның 10-11 күндері Абу-Дабиде АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз өткізеді. Бұл туралы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, кездесуде соғыстан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шиеленісті бәсеңдету, гуманитарлық көмек және бейбітшілікке бастайтын қадамдар талқыланады. 

Бұдан бөлек, осы аптада америкалық келіссөз жүргізушілер Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуроодақ және НАТО өкілдерімен жүздеспек. Күн тәртібінде Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін беру, Еуропаның соғыстан кейінгі қауіпсіздік жүйесі және Украинаны қалпына келтіруге қажетті экономикалық мүмкіндіктер бар.

Уиткоффтың айтуынша, бұл кездесулер Киев, Осло және Санкт-Петербургте қол жеткен уағдаластықтарды жалғастырып, жан жақты әрі ұзақ мерзімді бейбіт келісімге жол ашуды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыз: