Ақ үйдің жанында атыс болды

Вашингтонның қақ ортасында атыс болды. Құпия қызмет өкілдері бір адамға оқ атты. Күдікті жараланып, ауруханаға жеткізілді. 

Сондай-ақ дәрігерлер бір жасөспірімге медициналық көмек көрсеткен. Қару асынған қаскөй Ақ үйден 1 шақырым жерде ұсталды. Осы уақытта Дональд Трамптың қатысуымен кәсіпкерлер жиыны өтіп жатқан еді. «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша, Президент резиденциясының күзеті күшейтілді. Алайда сыртта естілген атыс кездесудің шырқын бұза қойған жоқ. Президент Трамп баяндамасын аяғына дейін оқыды. Тек Ақ үй ауласында жүрген тілшілер ішке кіріп, брифинг залында бой тасалаған. Жолдар бірнеше сағатқа жабылды. Еске салайық, өткен аптада да Трамптың қатысуымен өткен іс-шараға қару асынған қаскөй баса көктеп кірген еді. 31 жастағы күдікті дереу ұсталды.