ДДСҰ: Хантавирус адамнан жұғуы мүмкін

Хантавирус адамнан адамға жұғуы мүмкін.

Атлант мұхитындағы круиз кезінде тараған дертке қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Аргентинадан Канар аралдарына бағыт алған кеме қазір Батыс Африкадағы Кабо-Верде жағалауында аялдап тұр. Ресми дерекке қарағанда борттағы 147 жолаушының жетеуі вирус жұқтырған.Үш адам қайтыс болды. Тағы бір науқас хәл үстінде жатыр. Ал екі адам Нидерландқа жедел медициналық эвакуациямен жөнелтілмек. Мамандардың айтуынша, хантавирус, кеміргіштер арқылы жұғатын сирек инфекция. Ол тыныс алу жүйесін зақымдап, өлімге душар ету мүмкін. 

Мария Ван Керкхове, эпидемия және пандемия профилактикасы бойынша ДДСҰ атқарушы директоры:

- Кеме Африка жағалауындағы бірнеше аралға тоқтады. Бұл аралдарда түрлі жабайы аңдар мен құстар бар. Кеміргіштер көп. Сондықтан бұл инфекция көзі болуы мүмкін. Дегенмен, вирус өте тығыз байланыста болған адамдар арасында тарап отыр. Сондықтан адамнан адамға берілуі мүмкін деп де есептейміз.