АҚШ Украинаға $374 млн-ға қару сатады
АҚШ Украинаға 374 млн долларға қару сатады.
Келісімді Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті мақұлдады. Пентагон Киевке JDAM-ER деп аталатын арнайы құрылғылар жеткізеді. Мұны бомбаға орнатса, құрлықтағы нысанаға 80 шақырымнан дөп тиеді. Бұл жаңа зымыран жасағаннан әлдеқайда тиімді. Блумберг басылымының дерегі бойынша, АҚШ-тан 1500-ден аса GPS жүйесі орнатылған құрылғыны алу туралы келісім жасалды. Енді бұл мәмілені Конгресс бекітуге тиіс. Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті мәміле Украинаға шекара шебін қорғауға көмектеседі деп мәлімдеді.