Рубио мен Лавров Украина мен Иран мәселесін талқылады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Ресей Сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлесті.
Сергей Лавров пен Марко Рубио Украина мен Иран мәселесін талқылады. Дипломаттар арадағы жағдайды да қаузады. Сондай-ақ тараптар алдағы кездесулердің жоспарын қарастырды. Бұл тілдесуге Ресей Сыртқы істер министрлігі бастамашы болды. Сергей Лавров пен Марко Рубио соңғы рет былтыр қазанда әңгімелесті. Сол кезде тараптар Будапеште АҚШ-Ресей саммитін өткізу мәселесін талқылаған еді. Алайда Украина бойынша келіссөз тығырыққа тіреліп, Владимир Путин мен Дональд Трамп бас қоспады.