АҚШ БҰҰ-да Ормуз бойынша қарар ұсынды

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ормуз бойынша қарарды дауысқа салады.

Жобаны АҚШ билігі ұсынды. Құрама Штаттар халықаралық құқық тапталды деп, Иранды айыптап отыр. Тегераннан бұғазды ашып, су астына қай жерге мина қойғанын ашып айтуды талап етті. Сондай-ақ, өткел арқылы өту тегін болуға тиіс деп санайды. Ислам Республикасы төлемақы алуға қатысты шешімін өзгертуі керек, дейді. Бұдан бөлек аймақта "гуманитарлық дәліз" ашуды ұсынды. Қарардың толық мәтіні Құрама Штаттар Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды. Бахрейн, Сауд Арабиясы және Қатар секілді Парсы шығанағы елдері құжатты қолдап отыр. Вашингтон Қытай мен Ресей қарарға вето қояды деп санайды. Сондықтан, Бейжің мен Мәскеуді Иранға қарсы қысымды күшейтуге шақырды.