Ирак мұнайын арзанға өткізе бастады

Ирак мұнайын арзанға өткізе бастады. Бұл туралы Блумберг басылымы жазды. Бағдад қара алтынды Ормуз бұғазы арқылы экспортайды. 

Ал стратегиялық су жолы қашан ашылатыны белгісіз. Сондықтан осы айда Ирактағы мемлекеттік компаниялар Basrah Medium маркалы мұнайға арзан баға ұсынып отыр. Барреліне 33 доллар. Алайда сатып алушы компания энергетикалық шикізатты өзі жеткізуі тиіс. Яғни Басрадағы терминалдан тиеп алып кетуі керек. Ал тасымал кезінде танкер минаға түссе немесе шабуылға ұшыраса, бұған Ирак жауап бермейді. «Осылайша, Бағдад елдегі мұнай өндірісін сақтап қалғысы келеді», - дейді сарапшылар.